Алматыда 10 мың адам сенбілікке қатысты
Алматыда Тазару күні аясында өткен сенбілік шарасына 10 мыңнан аса адам қатысты. Бұл жолы өзен арналарының тазалығына ерекше көңіл аударылды.
«Жастар рухы» жастар қанатының 100-ден аса қатысушысы ағаш егу жұмыстарына атсалысты. Тұтастай алғанда мегаполисте мыңнан аса жасыл желек егілді.
Дәулет Бақытжанов, Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:
- Осы акция аясында бүкіл жұмыстар қаланың барлық 8 ауданын қамтыды. 10 мыңнан аса қала тұрғыны қатысты. Активисттер, қала тұрғындары, жұмысшылар жұмылдырылды. 500-ден аса арнайыландырылған техника жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар қала көлемінде 1000-ға жуық жасыл желек отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.