Батыс Қазақстан облысында жаппай балық қырылды
Оқиға Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылдық округі аумағындағы Сарыайдын көлінде болған. Күн жылынып, мұз еріген кезде көл бетіне жүз мыңдаған шабақ қалқып шықты.
Қазір жергілікті табиғат жанашырлары мен балық инспекторлары өлген балықты жинап, арнайы орындарға көміп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен бес тоннаға жуық балық жиналған. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен ветеринария басқармасының қызметкерлері балықтан, судан және топырақтан сынама алып, зертханаға жолдады. Арнайы құрылған комиссияның мәліметінше, балықтың қырылуына мұздың қалың болуынан суда оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Нақты себептері зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болады.
Дархан Закарин, БҚО ТПР және Табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары:
- Сарыөзеннің ең соңғы бітетін жері Айдын мен Сарыайдын көлінің ортасында бір-біріне қатынайтын өзек бар. Бір 3-4 шақырымдай жерді алатын болады. Сол жерде 700 грамм-килограмға дейінгі негізгі мөңке балығы. Бұл жерде оттегінің болмауы деп есептеп отырмыз. Өзектің тереңдігі 70 см-1 метрге дейін, яғни қыста мұздың деңгейі топыраққа дейін қатуының салдарынан болып тұрған жағдай.