Жаңа Конституция – құқық пен әлеуметтік даму кепілі

Жаңа Конституция – азаматпен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі. Оның ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы. 

Бұл туралы бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында өткенде жиында айтылды. Шарада референдумның негізгі нәтижелері, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге ықпалы, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер мен қоғамның күтулерін ескере отырып, мемлекеттік саясатты дамытудың ықтимал бағыттары қарастырылды. Әсіресе жастардың әлеуметтік-саяси үдерістердегі рөліне, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және жас азаматтарды елдің дамуына тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.