Алматыда үш амур жолбарысы туылды

Алматыдағы хайуанаттар бағында амур жолбарысының үш шөнжігі туды. Мамандар мұны ерекше жағдай деп бағалап отыр. 

Шөнжіктер қаңтар айында туып, алғашқы апталарын енесінің жанында өткізді. Қазір олар қоршаған ортаға біртіндеп бейімделіп жатыр. Әзірге жолбарыс күшіктері сүтпен қоректенеді. Дегенмен қатты тағамдарға да қызығушылық таныта бастаған.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, бұл – олардың табиғи дамуының қалыпты кезеңі. Күннің жылынуына байланысты зообақтағы басқа жануарлар да алаңдарға шығарылды. Олардың қатарында піл, керік, зебра, мүйізтұмсық және өзге де экзотикалық аңдар бар. Көктемгі маусым басталғалы келушілер саны айтарлықтай артқан. Әсіресе Наурыз мерекесі күндері хайуанаттар бағына 40 мыңға жуық адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп.