Инфрақұрылымға жіті көңіл бөлініп жатыр

Тілсіз жаудан төнер қауіпті сейілту мақсатында соңғы жылдары инфрақұрылымды нығайтуға жіті көңіл бөлінуде.

Мәселен, былтыр 56 гидротехникалық нысан тексерістен өтсе, биыл олардың саны үш есе артып, 175-ке жеткен. Ал 2028 жылға дейін 550-ден аса нысанды толық қамту жоспарланып отыр. Бұған қоса 100-ден астам гидротехникалық құрылыс объектісі мемлекет меншігіне өткен. Бұл бақылауды орталықтандыруға мүмкіндік бермек. Салада кадрлық әлеует те артып келеді. Бұған мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарда істейтін қызметкер қатарының 35 пайызға артуы дәлел.

2025 ж – 56

2026 ж – 175

2028 ж. дейін – 557

100-ден аса нысан – мемлекет меншігінде

МКК қызметкер қатары – 35%