Электрлі көліктер: қауіпсіздік талабы – басты назарда
Электромобиль және гибридті көлік пайдаланушылар қауіпсіздік стандарттарының сақталуына баса мән беруі керек.
Елімізде бұл сала қалай реттеліп жатыр? Технологиялар мен қауіпсіздік тақырыбы Қазақстанның автокөлік Одағы ұйымдастырған конференцияда талқыланды. Жиынға автокөлік саласының сарапшылары, экологтар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстанда электрлі және гибридті көліктердің танымалдылығы артқан сайын қуаттау мен қауіпсіздік мәселелері өзекті бола түсті. Ресми жеткізілген әрі сертификаттаудан өткен көліктер ғана қауіпсіздікке жан-жақты кепілдік бере алады.
Ербол Сейпілов, QazAutoStandard автокөлік сарапшылары мен аудиторлары қауымдастығының президенті:
- Елімізде 2015 жылдан бастап көлік құралдарының қауіпсіздік талаптары туралы Кеден Одағы техникалық регламенті енген болатын. Сол талаптардың аясында көлік құралдары сынақтан өтеді. Мысалы оның аккумуляторлары 30 минут аясында температуралық режимде қандай сынақтардан өту керек, соның балығы өткізіледі. Бейресми түрде алып келсеңіз, онда тәуекел мәселелері бар.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар аккумуляторлардың сенімділігін арнайы сынақпен көрсетті. Құрамы екі түрлі батареяның бірін әдейі зақымдаса да, жарылған жоқ. Екіншісі сынаққа төтеп бере алмады.
Дархан Қалтаев, BYD Kazakhstan техникалық директоры:
- Басты мақсат – ол біздің тек қана электромобиль емес және де гибридті көліктердің қауіпсіз болуы. Қауіпсіздік жағынан ең бастысы – батареяның құрамы. BYD-дің істеп жатқан технологиялары біріншіден, қауіпсіздік жағынан, екіншіден, жүргізуші үшін ыңғайлылығы.
Экологиялылығы әрі үнемділігі үшін бүгінде жаңа буын көліктері трендке айналып жатыр. Отандық дилерлер 1 жылда гибридті және электрлі көліктердің сатылымын 4,2 есе арттырды. Айтпақшы, BYD сатылым жағынан Қазақстанда және әлем бойынша көш бастап тұр.
Авторлары: Рухани Әбдірахман, Марат Диқанбаев