Атырау облысында «Бекіре-2026» акциясы басталды

Ел батысындағы су айдындарында «Бекіре» балық қорын қорғау акциясы басталды.

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысын қамтитын шара 31 мамырға дейін жалғасады. Оған бассейнаралық балық шаруашылығы инспекциясы, полиция департаменті және шекара қызметінің  мыңнан астам қызметкері, 100-ге жуық жүзу құралы мен 6 бейнебақылау аппараты жұмылдырылмақ. Олар бағалы бекіре тұқымдас балық түрлерін браконьерлерден қорғап, уылдырық шашуын қамтамасыз етеді. Биыл 16 балық шаруашылығы субьектісіне су маржанын теру үшін «Жайық-Каспий» облысаралық бассейні бойынша 16 мың тоннаға жуық лимит бөлінген. 

Серік Сермағамбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы:

- Жол бағытында арнайы бекеттер құрылатын болады. Ақпараттық құралдардың барлығы жұмылдырылып, халық құлақтандырылады, акцияның басталғаны туралы, енді шынымен ата кәсібіміз балық аулау болған соң осы өңірлерде броконьерлік мақсатта құқықбұзушылықшылар да шығып тұратыны анық. Соның алдын алуға бағытталған жұмыстар.