Астанада алғаш рет халықаралық геологиялық форум өтіп жатыр
Талқы тақырыбы – Орталық Азияға ортақ проблемалар. Десе де саладағы түйткілді тарқатуға басқа мемлекеттер де тартылып, тәжірибесіне құлақ түреді.
Негізі аталған аймақтағы сирек минералдарға әлем соңғы кезде сергектік таныта бастады. Әлбетте, оның бір факторы – жаһандағы жағымсыз жағдайлар. Оның үстіне жер асты байлығын үстіне шығаратын да кез келді. Өйткені тек мұнай мен газға иек артып, алысқа бармайсың. Ал алу үшін алдымен табу керек. Қазір геологияда сан салалалы маман тапшы. Технология жетілгенімен тілін білетіндер жетіспейді. Мұнымен қоса жиында халықаралық ынтымақ пен жер қойнауын тиімді пайдалану және инвестициялар тарту тетіктері сөз болады. Сондай-ақ форум мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасында тікелей диалог, әріптестік пен халықаралық келісімдерге қол қоюға мүмкіндік береді.