Алматыда «Тәлімгерлер аллеясы» ашылды
Алматыда «Ұрпақтар аманаты – жасыл Алматы» ұранымен өткен сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты.
Шара аясында «Тәлімгерлер аллеясының» тұсауы кесілді. Бұл жердегі ағаштарды ардагер мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп екті. Әр жасыл желекке ұстаздық етудің шыңына шыққан тұлғалардың өмірбаяны QR-код ретінде ілінді. Аллеяға өз қолтаңбасын Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері Аягүл Миразова да қалдырды.
Аягүл Миразова, ҚР Еңбек Ері:
- «Таза Қазақстан», жаңа ағаштар отырғызылды. Шәкірттер соны көріп, суын құйып, отырғызуға мына үлкен апаларымен, ардагерлермен бірге үлесін қосып жатыр. Осының барлығы игі іс. Еліміз Таза Қазақстан біздің жүрегімізді тазартады.