Алматыда жаңа зертханалар ашылды
Алматыдағы Сәтбаев университетінде заманауи ғылыми инфрақұрылымды дамыту аясында екі жаңа зертхана ашылды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек соңғы үлгіде жабдықталған зертханалардың ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Гидрогеохимиялық зерттеулер» жерасты суларының құрамын кешенді зерттеуге және су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған. Ал «Молекулалық биотехнология және масс-спектрометрия» зертханасы жоғары дәлдікте талдау жүргізеді. Озық технология биотехнология, экология, медицина және материалтану салаларындағы ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, қолданбалы зерттеулерді дамытуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Халықаралық деңгейдегі зерттеулерді дамытады. Университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Дулат Қалитов, Satbayev University Қолданбалы гидрогеология ғылыми зерттеу орталығының басшысы:
- Жаңа лаборатория жерасты суларының химиялық құрамын, физикалық қасиеттерін зерттеп, нақты өндірістік тапсырмаларға ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті мағлұматтарды беретін бірден-бір лаборатория ретінде жұмыс істейді. Қазір жерасты жер беті суларын химиялық құрамын, физикалық қасиеттерін зерттеуге сұраныс өте көп.