Электр самокаттарын бақылау күшейеді
Елде электр самокатын жалға беретін компанияларға талап күшейеді. Енді оларға сақтандыру полисі міндеттеледі. Сонымен қатар әрбір самокатқа тіркеу нөмірі беріледі.
Осы арқылы көліктің маркасы, моделі, шыққан жылы және техникалық жай-күйі сияқты мәліметтерді тексеруге болады. Кәсіпкерлер самокаттардың орналасқан жері туралы деректі де мемлекеттік органға тапсыруы керек. Заңда айқындалған кейбір аймақтарда жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі енгізілуге тиіс. Жаңа Заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Астана:
- Электр самокаттарының кесірінен болатын жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адам сақтандыру полисі арқылы өзіне келген материалдық шығынды, денсаулығына келген зиянды қалпына келтіру мүмкіндіктері бар.