Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
Иран Ормуз бұғазын қайта жауып тастады. Бұған Израильдің Ливанға шабуыл жасауы себеп. Бұл туралы парсы елінің "Фарс" агенттігі хабарлады. Бейбіт бітім басталғалы бұғаз арқылы 2-ақ мұнай танкері өтіп үлгерген. Осының алдында Тегеран "Израиль,.. Иран талап еткендей оқ атпау режимінің шарттарын Ливанда да сақтамаса, келісімнен шығамыз" деп ескерткен еді.