Ұзақ мерзімді абонементтерге кепілдік қажет
Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева білім беру орталықтарын лицензиялау тұтынушылардың қаржысын толық қорғай алмайтынын айтты.
Оның пікірінше, бастысы – компанияларда қаржылық резерв пен нақты кепілдіктердің болуы. Әсіресе ұзақ мерзімді абонемент ұсынатын ұйымдар үшін бұл аса маңызды. Сондықтан азаматтар келісімшарт жасарда компанияның мүмкіндігі мен қаржылық қорына мұқият назар аударуы тиіс.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Лицензиялау процесі бұл мәселені шеше алмайды. Әрине, лицензиялау бір жағынан қызметтің сапасына қатысты қандай да бір кепілдік беруі мүкмкін. Бірақ тұтынушылардың ақшасын қайтару мәселесін шешпейді. Ол бір. Екіншіден менің ойымша, біздің отандастарымызға сақ болуымыз керек. Ең алдымен осы компанияның қандай мүмкіндіктері бар. Ұзақ мерзімді абонемент беру үшін қандай кепілдіктер бере алады. Осы ақшаны сақтандыру процессі бар ма? Жоқ па? Соның бәріне назар салу керек деп ойлаймын.