Қазақстанда қылмыс деңгейі 9%-ға төмендеді

Қазақстанда жыл басынан бері қылмыс деңгейі 9%-ға төмендеді.

Бұл туралы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында ІІМ мәлімдеді. Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында «Заң мен тәртіп» қағидатын бекіту мәселелері қаралды. Премьер-министр жекелеген өңірлерде полицияны жабдықтандыру шаралары орындалмай отырғанына назар аудартты. Әкімдіктерге тұжырымдама жоспарының орындалуын талдап, биыл жүзеге асыру тапсырылды. Жиында киберқылмыспен күрес мәслелері де талқыланды. Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы айыппұлдар 100-ден 1000 АЕК-ке дейін және дербес деректерді қорғау саласында 1000-нан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Үкімет басшысы осы бағытта «Цифрлық полицей» жобасын енгізуді жеделдетіп, кадрлар даярлауды кеңейтуді тапсырды.

Олжас Пектенов, ҚР Премьер-министрі: 

- «Мемлекет басшысы өткен жылдың соңында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алуға жауапты субъектілердің тізбесі мен Ведомствоаралық комиссияның құрамы кеңейтілді. Сонымен қатар жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияда құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» орнықтыруға бағытталған «Заң мен Тәртіп» үстемдігі негізгі қағидаттардың бірі ретінде көрініс тапқан. Заңнамалық деңгейдегі жаңалықтардың бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына барлық мемлекеттік органдарды, азаматтарды және жергілікті қоғам өкілдерін тарту. Бұл –  баршамызға ортақ міндет.