Өнеркәсіп министрлерінің алғашқы отырысы өтті

Орталық Азия елдері мен Ресей өнеркәсіптік кооперацияны бірлесе дамытуға келісті. 

Ташкенттте өткен Орталық Азия және Ресей өнеркәсіп министрлерінің алғашқы отырысында тиісті құжатқа қол қойылды. Отырыста қазақстандық делегация басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдегі өнеркәсіптік кооперация мен өзара тауар айналымы көлемінің артып келе жатқанына тоқталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия елдерімен жалпы тауар айналымы 8,8 млрд долларға жеткен. Ал өзбек тарапымен құны 8 млрд доллар болатын бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған Жол картасына қол қоюға дайындық жүріп жатыр. «Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұхараға сапары барысында жан-жақты талқыланды», - деді министр.