Павлодар облысында жұмысшы қаза тапты
Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында 20 сәуірде адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетсек, металл ұсақтау жұмыстары кезінде кәсіпорын қызметкері қаза тапқан еді. Қайғылы жағдайдың мән-жайын құзырлы органдар анықтайды. Кәсіпорын мәліметінше, бұл биыл қайғылы жағдаймен аяқталған бірінші оқиға. Айта кетейік, өткен жылы да зауытта өндіріс барысында бір жұмысшы қаза тапқан еді.
Александр Логвин, зауыттың корпоративтік коммуникациялар менеджері:
– Оқиғаның барлық мән жайы мен себептерін анықтау бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Компания басшылығы қаза тапқан жұмысшының туған туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.