Елде асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр
Елдегі 440 асфальт-бетон зауытының 12 пайызы тексерілді. Тексерісті жол активтері сапасы ұлттық орталығы жүргізіп жатыр.
Аттестаттаудан өткен нысандардың дені Ақтөбе және Алматы облыстарында. Тексеру шикізатты таңдаудан бастап, дайын қоспаны шығаруға дейінгі бүкіл өндіріс циклін қамтитын 16 негізгі талап бойынша жүргізіледі. Сосын нәтижесі жол материалдарының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Бұл технологиялық кемшіліктерді уақтылы анықтап, жөнге келтіруге мүмкіндік бермек.