Жасыл генерация үлесі ұлғайды
Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға асық. Қазір осындай 162 нысан жұмыс істеп тұр. Бұлардың 67-сі – жел, 49-ы – күн, қалғаны су және биогаз электр стансалары. 9 нысан былтыр қолданысқа берілді.
Стансалар Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Жетісу, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында орналасқан. Нәтижесінде энергия үлесі 6,4-тен 7 пайызға ұлғайды. Биыл дәстүрлі және жаңартылатын көздерден 2,6 ГВт қуат өндіру жоспарланып отыр. «Бұл жобаларды іске асыру арқылы келесі жылдың алғашқы тоқсанында елдегі энергия тапшылығы мәселесі толық шешіледі», -дейді Энергетика министрлігі. Сарапшылардың айтуынша, бұл тұста заманауи озық технологиялардың маңызы зор.
Дилором Сұлтамұратова, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының менеджері:
- Жаңартылатын энергия көздері– күннен мен желден алатын энергия. Қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аймағында орналасқан осындай жобалар бар. Олар жұмыс істеп жатыр. Алайда олар қазіргі көмірден немесе газдан алатын жылу мен электр қуатын айырбастай алмайды. Десе де біз сол жолға бастап келе жатырмыз. Қазақстанда күн көп бола бермейді ғой, әсіресе солтүстік өңірлерде. Сондықтан мүмкін күннің қуатынан көбірек нәтиже алатын технологияларды көре аламыз.