Қазақстанда енді борышкерлерге үйді босату туралы хабарлама 10 күн бұрын жіберіледі
Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын Мәжіліс мақұлдады.
Депутаттар бастамашы болған құжат, атқарушы іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді. Бұл адамдарға алдын ала дайындалып, басқа баспана табуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, заң жобасында мәжбүрлеп орындату шараларының қолданылу мерзімі өтіп кетсе, оларды толық тоқтату нормасы да бекітіледі.
Дмитрий Колода, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2024 жылы жеңілдетілген өндіріс нормасы енгізілген. Соның нәтижесінде 2025 жылы борышкерлер 500 мыңға жуық құжатты өз еркімен орындап, 2,4 млрд теңге үнемделген. Бұл тәртіп бойынша айыппұлдар мен берешектер 20 АЕК-ке дейін өндіріліп келген. Енді бұл шекті 40 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды. Әділет министрлігінің өкілеттігін кеңейтеміз. Енді ведомство сот орындаушылары өндірілген қаражатты өндіріп алушыларға қандай мерзімде аударуға тиіс екенін нақты белгілейді.