Дипломаттар үйлесімді әрекет етті
Таяу Шығыстағы шиеленіс кезінде шетелдегі қазақ дипломатиялық миссия өкілдері үйлесімді әрекет ете білді.
Әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс бір сәтке де тоқтамай, тәулік бойы жүрді. Нәтижесінде Қазақстан азаматтары дер кезінде құқықтық және материалдық көмекке қол жеткізді. Бұл іске жанашыр жандар да тікелей үлес қосты. Дипмиссия жетекшісінің айтуынша, алдын ала қабылданған шаралардың арқасында мыңдаған отандасымызбен тұрақты байланыс орнатылып, заңды құқықтары қорғалды. Қонақүйлерге тегін орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жалпы бұл елден арнаулы рейстермен Қазақстанға 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Рауан Жұмабек, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі:
- АҚШ пен Иран байланыстар шиеленіскеннің алдында бізге орталықтан, Сыртқы істер министрлігінен тапсырма келіп түсті. Жағдай ушығуы ықтимал. Сондықтан қазірден бастап шараларды қабылдау керек деп. Сол шараларды қабылдағанның арқасында біздің жұмысымыз ойдағыдай өтті. Эвакуация рет-ретімен өткізілді. Осы БАӘ-де тұрып жатқан азаматтарымыз бар. Сол азаматтарымыз көмектерін аямады. Бұл жерде БАӘ үкіметіне де алғыс айту керек. Турпакетпен келген кісілердің қонақүйі тегін ұзартылды.