Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып жатыр. Live

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды әрі мазмұнды бағдарлама әзірленді. Қала әкімдігі барлығы 60-қа жуық іс-шара өтеді деп хабарлады.

Ал Оң жағалаудың орталық алаңында Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтіп жатыр.