СҚО-да екі жүзге жуық этно-мәдени бірлестік бар
Солтүстік Қазақстан облысында 200-ге жуық этномәдени бірлестік құрылған.
Олар қоғамдық қарым-қатынасты нығайтып, өзара келісім мен сенімді арттыруға зор үлес қосып келеді. Қазақстан халқының бірлігі күні Петропавлда “Бір шаңырақ астында” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Басты алаңға жиналған жұртшылық достық мейрамын кең көлемде атап өтті. Әр ұлт өзінің ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап келе жатқан салт-дәстүрін паш етіп, құндылықтарын дәріптеді. Шара барысында ән мен жырдан шашу шашылып, көпшілік назарына қолөнершілер көрмесі ұсынылды.
Шыңғыс Құрбанов, Әзербайжан этно-мәдени бірлестігі СҚОФ төрағасы:
- Мен өз атымнан әзірбайжан мәдениеті орталығы атынан шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, бірлік, тірлік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстан гүлдене берсін. Бірлік күні құтты болсын!