Жылыту маусымына дайындық басталды. LIVE
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Үкімет басшысы төтенше жағдайдың себеп-салдарын жедел анықтап, барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет отырысында елдегі жылу электр орталықтарын кешенді жаңғырту жұмыстарының барысы талқыланды. Бүгінде 5 электр орталығы қызыл аймақтан сары деңгейге көшті. Министрлік мәліметінше, жыл соңына дейін станциялардағы жабдықтардың тозуы 52%-ға дейін төмендейді.