Полиция ескертеді: баланың қауіпсіздігіне ересектер жауапты

Фото: ҚР ІІМ

Астана полициясы ата-аналарға балалардың үнемі ересектердің бақылауында болуы тиіс екенін ескертеді, деп хабарлайды «24KZ».  

Баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Ересек адам әрдайым жанында болып, өзге істерге алаңдамай, баланың жолға жалғыз шығып кетпеуін қадағалауы қажет.

Жүргізушілер де барынша сақ болуы тиіс. Көлікке отырмас бұрын және қозғалысты бастар алдында көлік маңында балалардың жоқ екеніне көз жеткізу қажет.

Аула ішінде қозғалған кезде жылдамдықты барынша төмендетіп, кез келген сәтте баланың кенеттен жолға шығып кету ықтималдығын ескеру керек, - делінген хабарламада.