Автомектептердің қызметіне бақылау күшейеді

Елдегі автомектептерге бақылау күшейеді.

Енді олар қызметін бастамас бұрын нысанда қажетті материалдық-техникалық база, оқу алаңдары мен көліктер және білікті оқытушылар болуға тиіс. Аталған дүние болған жағдайда ғана оларға жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Ал рұқсаты бар автомектептердің тізімін Ішкі істер министрлігі жүргізуге міндеттеліп отыр. Тиісті заңды Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта жүргізушілерді даярлау жүйесін жетілдіру және цифрлық ортада азаматтардың қауіпсіздігін күшейту мәселелері де қарастырылған.