Батырлар рухына тағзым. Live
Петропавлда да Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталып кетті.
Петропавлда Отан қорғаушы күніне арналған іс-шаралар Қарасай мен Ағынтай батырларының ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Бұл жерге ардагерлер, қоғам қайраткерлері, әскери қызметкерлер мен жастар жиналған. Осылайша, олар тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті. Есім ханның тұсында жоңғарларға қарсы шайқасқан қос батыр осы өңірдегі Айыртау ауданында жерленген. Жалпы әскер - ел айбыны. Ел тыныштығын күзетіп жүрген жандардың арасында нәзік жандылар да аз емес. Солардың бірі - Маржан Талапкер. Ол қазір ҚР Ұлттық ұлан Академиясының баспасөз қызметіне жетекшілік етеді.
Маржан Талапкер, ҚР Ұлттық ұлан академиясы баспасөз қызметінің бастығы:
- Рақмет! Ал мен қоса кетейін, Петропавлдағы Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара басты алаңда жалғасады. Онда 12:00-де мерекелік концерт басталады. Салтанатты шара жайлф менің әріптесім тікелей байланыста айтып береді.