Азаматтар алаяқтарға ₸12,2 млрд санап берген
Былтыр қазақстандықтар алаяқтарға 12 млрд 200 млн теңге санап берген. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтық салдарынан 429 млн тг көлемінде залал келген.
Соңғы 4 айда 206 факт тіркелді. Бұл өткен жылғы кезеңнен 15 пайызға көп. Әккілер әсіресе онлайн-сатып алу алаңдарында белсенді. Азаматтардың 73 пайызы төлем үшін банк картасын тіркеу кезеңінде тапсырыстардан бас тартқан. Әлбетте, астарында қауіпсіздікке деген сенімсіздік жатыр. Мұның бәрі жай көрсеткіш емес, бұл - мыңдаған отбасының тағдыры. Алайда қазір алаяқтардың арам пиғылына қарсы "Цифрлық қалқан" іске қосылды.