Өскеменде Таза Қазақстан эко-саябағы ашылды
Өскеменде «Таза Қазақстан» экологиялық паркі ашылды. «Шешек» асуындағы бұл демалыс орнына бүгін мың түп көшет егілді.
Болашақта ағаш санын алты мың түпке дейін жеткізу жоспарда бар,- дейді,табиғат жанашырлары. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі қалалар маңынан эко-саябақтар салу туралы тапсырмасына сай орындалған шаралардың бірі. Саябақтың бір ерекшелігі сол оның аумағы облыс картасының пішінінде жасалған.
Облыс картасының пішініндегі саябақ қала іргесіндегі «Шешек» асуында ашылды. Былтырдан бері абаттандырылып келе жатқан бұл жер қазір қала халқының сүйікті орнына айналған. Көшет егуге өңірдің 13 ауданы түгел қатысып,әрқайсы жүздеген түп тал екті. Таза Қазақстан жалпыұлтық акциясының мақсаты да осы, ел бірлігін нығайту,-деді шараға қатысқан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
- Біздің басты мақсатымыз Таза Қазақстан акциясы аясында, тек қана табиғатымызға айналаға,қоршаған ортаға жанашрылқы көрсетіп,тазалау ғана емес, адамдардың ойын тазалау, ниетін жйүелендіру, және көпшілікті біріктіру Өйткені бірлік болмай береке болмайды.
Эко-бақты ашуға бюджеттен бір тиын қаржы бөлінген жоқ. Әр өңір өз үлесін аямады. Мәселен, тек қана Тарбағатай ауданы атынан 100 түп көшет егілді.
Тасқын Мәжитов, Тарбағатай ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры:
- Болашақта осы жерде жерлестеріміз Тарбағатайдың қосқан үлесі деп демалатындай саясында,жасыл аймаққа айналсын деген ниетпен осындай жұмысқа атсалысып жатқан жайымыз бар. Бұдан бөлек өлкеде Президент тапсырмасына сай тағы 3 эко-парк ашылады.Бірі Өскеменде болса, қалғаны Ұлан және Глубокое ауданында. Ауылдар да ұмытылмайды.
Мұрат Құсайынов, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының басшысы:
- Аудандық бюджеттен әріптестеріміз қарастырып жатыр.Облыс әкімінің де тапсырмасы бар,шағын шағын экопрак әр ауданда орналсу керек деген талап бар.
Ал жалпы облыс аумағында 2027-ші жылға дейін 76 миллион түп көшет егу жоспарланған.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов