Жеңіс күнін 14 ардагер қарсы алды
Екінші дүниежүзілік соғысқа Алматыдан 76 600 адам қатысып, оның 44 мыңы үйлеріне жеңімпаз болып оралды.
Биыл Жеңістің 81-ші көктемін 14 ардагер ғана қарсы алып отыр. Мерекеге орай ғасыр жасаған қарт майдангерлердің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы төлем берілді. Бүгін қала тұрғындары әдеттегідей 28 гвардияшы панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына келіп, бейбіт күнді жақындатқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Еске сала кетейік, мұндағы Даңқ мемориалы 1975 жылы соғыстың аяқталғанына 30 жыл толуына орай ашылған. Содан бері қаланың көрікті тарихи-мәдени орындарының біріне айналды. Жеңіс күні Алматының барлық ауданында құрылған ашық сахнада эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтіп жатыр. Онда әскери-патриоттық әндер орындалды. Оған қоса әскери-дала асханасы ұйымдастырылып, мерекелік түскі ас берілді.
Айдархан Самаев, соғыс ардагері Қабдрахман Самаевтың ұлы:
- Менің әкем Самаев Қабдрахман. Ол 18 әскерге Моғолияға Халхин-Голға барып, сол жерде жапон милитаристерімен соғысып, сонан кейін оларды Отан соғысына оларды батыс майданға, содан Мәскеуден Берлин Прагаға дейін кеткен. Бірнеше ауыр жарақаты. Бірнеше контузиясы болды. 46 жылы ғана қайта оралған. 75 жасында Отан соғысының 50 жылдық жылында о дүниеге кетті. Бұл – тағзым күні. Әрине, біз келеміз еске аламыз.