Елде жан басына шаққандағы ЖІӨ 17,5 мың долларға жетті
Елде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 17,5 мың долларға жетті. Халықаралық валюта қорының мамандары осылай дейді.
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,5 пайызға көп. Ал көршілермен салыстырғанда Қазақстан көшілгері келеді. Мәселен, Өзбекстанда 4600, Қырғызстанда 3200, Тәжікстанда 1900 АҚШ ақшасы шамасында. Айтайық, бұл көрсеткіш экономиканың нақты өсімі, теңге бағамы, инфляция, шикізат бағасы және халық саны секілді факторлармен өлшенеді.