Астанада LRT осы аптада іске қосылады

Фото: depositphotos.com

Астанада көптен күткен жеңіл рельсті көлік жүйесі — LRT осы аптада іске қосылады. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев 12 мамырда өткен пресс-тур барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа көлік жүйесін жақын күндері пайдалана алады.

— LRT осы аптада іске қосылады, — деді Асылбек Дүйсебаев.