Елде автомектептер жаппай тексеріліп жатыр

Елде 727 автомектеп болғанымен, ондағы құрал-жабдықтар талапқа сай келмейді. 

Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелер мамандары жүргізген тексеруге сай автодромдарда жол белгілері мен таңбалар және жарықтандырудың жеткіліксіздігі анықталған. Сондай-ақ кей көліктердің ақауы бар болып шықты. Бұл кемшіліктерді жою үшін тиісті нысандарға 20 ұйғарым берілді.