Мәжіліс мұғалім мәртебесі туралы заңды мақұлдады
Енді мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады. Демалыс күндеріндегі баланың бас амандығы ата-ананың жауапкершілігінде.
Бүгін Мәжіліс педагог мәртебесіне қатысты заңды қабылданды. Екінші оқылымда мақұлданған құжаттың жаңалығы көп. Ұстаздардың есептілікті бір мезгілде қағаз және электрондық форматта жүргізуіне тыйым салынды. Орта білім беру ұйымдарында ұялы құрылғыларды пайдаланудың бірыңғай қағидалары да енгізілді. Білім мен тәрбие – тек мектептің ғана емес, отбасы мен мемлекеттің ортақ ісі екені нақты айқындалды. Заң жобасында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау мен ауыстыру талаптары қатаңдатылды. Бұл салаларға ең үздік, білімді жастардың келуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.