Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Фото: depositphotos.com

Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Тексеру нәтижесінде жалға алушылардың шаруа және фермер қожалығын жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы мақсатына сай пайдаланбағаны белгілі болған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы ауданы 2092,6 гектар, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратура органдары жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуын ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.