Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
2026 жылдың маусым айында қазақстандықтар сегіз күн демалады. Бұл айда мемлекеттік мерекелер жоқ, алайда бірнеше кәсіби және айтулы даталар атап өтіледі, деп хабарлайды «24KZ»
Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген.
Маусым айындағы кәсіби мерекелер күнтізбесі:
9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері күні;
15 маусым (маусымның үшінші жексенбісі) – Медицина қызметкерлері күні;
23 маусым – Полиция күні;
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні;
24 маусым – Судья және сот органдары қызметкерлерінің күні;
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.