Бас жүлде – пәтер: Астанада республикалық бәйге өтеді
Астанада 7 маусым күні қасиетті Құрбан айт мерекесі және ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай республикалық бәйге өтеді, деп хабарлайды «24KZ».
Аталған шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Елорданың төрінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы тұлпарлар мен сайдың тасындай іріктелген шабандоздар «Қазанат» атшабарында бақ сынамақ. Бұл – бабалардан мирас болған бәйге өнерінің бүгінгі ұрпаққа жалғасқан жарқын көрінісі, ұлттық рухтың жаңғырығы. Жарыс барысында сәйгүліктер бірнеше қашықтықта сынға түседі:
9 шақырымдық «құнан» бәйге
1 орын – 3 000 000 теңге;
2 орын – 1 500 000 теңге;
3 орын – 700 000 теңге.
16 шақырымдық «топ» бәйге
1 орын – «Changan» автокөлігі;
2 орын – 3 000 000 теңге;
3 орын – 1 000 000 теңге.
25 шақырымдық «аламан» бәйге
1 орын – 1 бөлмелі пәтер;
2 орын – «Changan» автокөлігі;
3 орын – 2 000 000 теңге;
4 орын – 700 000 теңге;
5 орын – 300 000 теңге.
7 маусым күні сағат 11:00-де ұлттық рухты асқақтататын дүбірлі бәйгенің салтанатты ашылуы өтеді.
Жүйрік тұлпарлар мен шабандоздарды тіркеу 6 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Аламан бәйгеге қатысу жарнасы – 70 мың теңге, топ бәйгеге 50 мың теңге, ал құнан бәйгеге 30 мың теңге белгіленді. Жиналған қаражаттың барлығы игі мұратқа, қайырымдылық жолына жұмсалады.