Түркістан облысында кенемен күрес күшейтілді
Жұқпалы ауруларға қарсы жаппай дезинфекция басталды. Облыстық бюджеттен 553 млн теңге бөлініп, қора-жайлар мен жайылымдар залалсыздандырылып жатыр.
Бұл іс-шараға мыңнан астам ветеринар жұмылдырылды. Сондай-ақ 154 елдімекенде мал тоғыту орыны салынуда. Мамандардың айтуынша, табиғат аясына демалуға шыққандар мен малшылар арасында кене шағу дерегі көп. Жыл басынан бері 568 адамды шағып алған. Оның ішінде қырым қанды безгегін жұқтырған 2 науқас ауруханаға жатқызылды. Ал былтыр 1373 адамды кене шағып, 7 адам кеселге шалдыққан еді. Өңірдің бірнеше ауданында жұқпалы аурудың табиғи ошағы бар.
Ербұлан Жәнібеков, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:
- Қажетті 558 тонна дәрі сатып алынды. Қазіргі таңда аудан-қалалардағы филалдарға жеткізілді. Жалпы 2026 жылға 3,2 млн ірі малдарды бүрку, 9,9 млн ұсақ малдарды тоғыту және 124 млн шаршы метр қора-жайлар мен үйіргелік, сыртқы қоралар және мал суаттарын дезинфекциялау жоспаланды. Қора-жайларда малшылар да көп жағдайда тіркеледі. Малшылар өз-өзіне қатты көңіл бөлмейді. Ашық-шашық киінеді. Сол кезде кене шағып, соның әсерінен күдікті жағдайлар тіркеліп жатады.