Қызметкерлердің ар-намысы қорғалады

Елде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізіледі.

Құжатта қызметкерлердің ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке өміріне қол сұғылмауын қорғау кепілдіктері қарастырылған. Бұдан былай жұмыс берушіден бастап, қарапайым қызметкерлер бір-біріне дауыс көтеріп, қытығына тиетін сөздерді айта алмайды. Айтқан жағдайда тараптардың бірі сотқа арыздана алады. Әлбетте мұндай келіспеушіліктер сотқа дейінгі медиация арқылы шешімін табуы мүмкін. Бірақ кикілжің реттелмесе, соттың шешімімен кінәлі тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ерболат Абулхатин, ҚР Еңбек хәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  департаментінің директоры:

- Көбінесе мына Еуропа елдерінің және АҚШ-тың тәжірибесінде бар осындай еңбек қатынастары. Бір-біріне сыйлы қарау, құрметтеу енгізілген. Еңбегін бағалау, аталған норма да Қазақстанға енгізілген.