Ақтөбе облысында көлдің айналасы абаттандырылады 

Ал Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің жағалауы абаттандырылып жатыр. 

Табаны балдыр мен лайдан тазартылған көлдің айналасында демалыс орындары болады. Көл іргесіндегі Шалқар қаласында саябақ құрылысы басталды. Жобаға жергілікті бюджеттен 377 млн теңге бөлінді. Спорт және ойын алаңдары салынып, велосипед жолы төселеді. Жасыл желек тез жерсіну үшін, мердігерге жергілікті тәлімбақтың көшеттерін егу тапсырылды. Өңірдегі ірі көл кейінгі жылдары тартылып, түбі батпаққа айнала бастаған еді. Экологтар дабыл қағып, бұл мәселені талай рет көтерді.

Гауһар Орынбаева, аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы:

- Көлдің негізі орны. Көл мына асфальттың жиегіне дейін келіп тұрды. Сосын мына көлді тазарту кезінде осы жерді көтеріп жалып саябақ есебінде қаланың халқының демалу орны есебінде көл жағалауы болып жоспарланып отыр. Шілде айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.