Астанада әскери авиацияның жаттығуы өтеді
Ертеңнен бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.
Бұл – 28 мамыр күні өтетін Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуына дайындық. Қорғаныс министрлігінің хабарламасында дайындықты пысықтау шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейтіні жазылған. Ал түрлі-түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және оның қоршаған ортаға залалы жоқ.