Қостанай облысында балалар демалысына ₸457 млн бөлінді

Қостанай облысында балалардың жазғы демалысына бюджеттен және жаппай оқыту қорынан жарты миллиардқа жуық теңге бөлінді.

Қаржы туристік-өлкетану саяхатына, ерекше білім беруді қажет ететін және әлуеметтік аз қамтылған отбасы балаларын сауықтыруға бағытталады. Жазғы демалыспен 100 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланып отыр. Қала сыртында 12 және мектеп ауласында 600 лагерь жұмыс істейді. Дәстүрлі үлгідегі демалыс орындарынан бөлек, алғаш рет «Қонақжай отбасы» жобасы қолға алынады. Мұндағы мақсат - қазақ отбасында балғындарға ұлттық салт-дәстүр, тіл үйрету.

Анна Лазарева, Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Тағы бір маңызды бағыт - жеткіншектерді еңбекпен қамту. Жазғы демалыс кезінде шамамен 600 бригада көгалдандырумен айналысады. Бұл шараға 14 мыңнан астам оқушы тартылады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында  экологиялық лагерь ұйымдастырылады.