Шомылу маусымына дайындық басталды

Биылғы шомылу маусымында павлодарлықтардың судағы қауіпсіздігін төтенше жағдайлар департаментінің 90 қызметкері қамтамасыз етеді.

1 маусымнан бастап жедел құтқару жасағының жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Сонымен қатар коммуналдық жағажайларда қоғамдық құтқарушылар жасағы кезекшілік жасайды. Олар арнайы дайындықтан өтіп, тиісті сертификат алады. Жалпы саланың материалдық-техникалық базасы жылда жабдықталып келеді. Былтыр аэроқайық алынып, сүңгуірлердің қорғаныш киімдері жаңартылды. Қазір су айдындарының жағалауы қоқыстан тазаланып,  шомылатын орындар ретке келтіріліп жатыр.

Серік Шериязданов,  ТЖД Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары:

- Жергілікті ақтарушы органдардан келіп түскен өтінімге сәйкес жағажайлар тексеріліп, тазаланады және де 28 мамырдын бастап осы коммуналдық жағажайларда жұмыс атқаратын қоғамдық құтқарушыларды оқыту басталады. Оларды оқытып, одан кейін сертификаттарын береміз. Олар осы коммуналдық жағажайларда қызмет атқарады.

Максим Стец, ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы:

- Жазғы кезеңде біз күн сайын аумақты патрульдеуге шығамыз. Қайықтар бір жарым-екі сағат сайын дауыс зорайтқыш арқылы ескерту жасайды. Сонымен қатар бізде жаңа дрон бар. Онымен де тұрақты бақылау жұмыстарын жүргіземіз.