Бетін жауып жүретін киім үшін 1179 адам жауапқа тартылған
Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 1179 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жалғастырып жатыр.
Заңға сәйкес, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей деңгейде бетті жауып жүру құқық бұзушылық болып есептеледі. Алайда бұл талап барлық жағдайға бірдей қатысты емес.
Мысалы, ауа райына байланысты немесе медициналық себеппен бетін жабатын азаматтарға шектеу қойылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүргендерге, спорттық және мәдени шараларға қатысушыларға да бұл талап жүрмейді.
ІІМ мұндай жағдайда алғаш рет ескерту берілетінін еске салды. Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайта тіркелсе, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз