LRT: екі аптада 1 млн жолаушы қатынады

Елордадағы LRT іске қосылған екі аптада 1 млн жолаушыға қызмет көрсетті.

Шаһар басшысы Жеңіс Қасымбектің әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына сүйенсек, қоғамдық көлікке күніне шамамен 75 мыңға дейін адам мінеді. Әкім LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқан және инфрақұрылымға жауапкершілікпен қараған әр жолаушыға алғысын білдірді. Және қазір Қосшы бағыты бойынша жұмыстың екінші кезеңі басталғанын атап өтті. Айта кетейік, Астанадағы ЛРТ 16 маусымда іске қосылды. Көлік желісінің ұзындығы – 22,4 шақырым. Барлығы 18 станция бар.