Ел қазынасына 11,4 трлн теңге түскен

Биыл бес ай ішінде мемлекеттік бюджетке 11 триллион теңгеден астам қаражат құйылып, жоспардағы көрсеткіштен асып түсті. 

Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Яғни республикалық бюджет кірісі 100,9 пайызға орындалып, қаражат күтілген межеден 66 миллиард теңгеге артық түскен. Мамандар мұны экономикалық өсім, іскерлік белсенділіктің артуы және салықтық түсімдердің көбеюімен байланыстырады. Әсіресе қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және мұнай экспортына қатысты төлемдерден түскен кіріс көлемі айтарлықтай артқан. Ал жергілікті бюджеттер түсімі 4 триллион теңгеден асып жығылып, 2 жарым пайызға ұлғайған. Үкімет бюджет қаражатын жол құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, энергетика және цифрландыру жобаларына бағыттауды көздеп отыр.