Жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің маңызын талмай түсіндіру керек

Ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға басымдық берген жөн. 

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматыдағы Ұлттық орталық музейде өткен шараға, қатысушылар осылай деп, пікір білдірді. Оның аясында танымдық кездесулер, көрмелер және патриоттық бағытта музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Келушілерге Қазақстанның Тәуелсіздігі мен конституциялық дамуы туралы мәліметтер ұсынылды. Арнайы шақырылған қонақтар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, Заң үстемдігі, әділдік, теңдік қағидалары, ел бірлігі туралы ойларын айтты.

Арайлы Балаева, ҚР Ұлттық орталық музейінің директорының орынбасары:

- Еліміздің саясатына, Конституциямыздың дамуына, оның қалыптасуына үлесін қосқан ғалымдарды, қайраткерлерді шақыра отырып тек қана музейді мәдени жағынан емес, музей көрерменіне өзіміздің еліміздің дамуын, қалыптасуын, тәуелсіздігі туралы ақпарат беру, өскелең ұрпаққа осы біздің құндылықтарымызды жеткізу мақсатында ұйымдастырдық осы іс-шараны. Жалпы осындай бұл тақырыпта біздің арнайы өзіміздің экспозициямыз бар. Сол төртінші зал түгелімен Қазақстан елінің тәуелсіздігіне арналған.