Компания басшылары ЖИ курсынан өтті

Елордада басшылар жасанды интеллектіні меңгерді. 

9 елден келген 800-ден астам лауазымды тұлға AI Leaders деп аталатын білім беру бағдарламасына қатысты. Екі ай бойы мемлекеттік органдар, бизнес және ұлттық компаниялардың өкілдері жұмыс барысында жасанды жадыны қолдану мүмкіндіктерін үйренді. Оқыту курсы, халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен өтті. Қатысушылар теориямен ғана шектелмей, әрқайсысы нақты тапсырмалар орындады. Өз ұйымдарында жасанды интеллектіні енгізу жоспарын әзірлеп, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.