Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану ережелері өзгерді
Елде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Меже өсті.
Айталық, кейінгі үш жыл ішінде жүйе өзгерістер енбеген еді. Енді 20 жастағы азамат қордағы қаражатты 6 млн 670 мың теңгеден асқан жағдайда ғана белгілі мақсаттарға пайдалана алады. Ал 25 жастағылар үшін 8 млн 150 мың теңге, 30 жас үшін 9 млн 750 мың теңге, ал 62 жастағылар үшін - 23 млн 570 мың теңге деп белгіленген. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары мәлімдеді. Сондай-ақ салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісі ескеріледі. Ал бір бөлігін тұрғын үй мен емделупайдалану мүмкіндігі өзгеріссіз қалады. Бұл өзгеріс ең алдымен азаматтарды қариялық кезеңде тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр. Мамандар осылай дейді.
Алтынай Үсенбаева, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің бас сарапшысы:
- Зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты азаматтарды зейнет жасында тұрақты табыспен қамтамасыз ету. Сондлықтан бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге тұрғын үй мен емделу мақсаттарына зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі сақталуда. Жеткілікті шектерін жаңарту зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын нығайтып қазақстандықтардың болашақтағы қаржылық қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған.