Ә.Смайылов: Былтыр тиімсіз пайдаланылған қаржы 1,7 есеге өсті 

2025 жылы тиімсіз пайдаланылған қаражат алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге асып түскен. 

Сондай-ақ іске асуға тиіс 600-ден астам инвестициялық жобаның 20 пайызы аяқсыз қалды. Мұндай деректі Жоғары аудиторлық палата төрағасы Мәжіліс отырысында жеткізді. Әлихан Смайыловтың сөзінше, мемлекеттік қаржы толыққанды игерілгенімен, жоспарлы нәтижеге қол жеткізілмей келеді. Атап айтқанда, орталық атқарушы органдардың межелі көрсеткіші 5%, ал өңірлерде 33% орындалмаған. Жалпы мемлекет деңгейінде цифрландыру, ауыл және су шаруашылығы, экология және басқа да сала бойынша 11 ұлттық және 30-дан астам нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеді.