Балабақша кезегі 160 мыңнан 18 мыңға дейін қысқарды

Мектепке дейінгі білім беру саласында оң өзгерістер бар. Балабақшаға орналасу жүйесі жеңілдеп, кезек 160 мыңнан 18 мыңға дейін қысқарды.

Мемлекеттік тапсырыс аясында ата-аналарға 935 мыңнан астам ваучер берілді. Осы шаралардың арқасында орын тапшылығы мәселесі шешіліп келеді. Бүгінде республика бойынша 12 мыңнан астам балабақша жұмыс істеп тұр. Онда миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Айта кетейік, соңғы үш жылдың ішінде 223 мың жаңа орын пайдалануға берілді.

Ваучер - 936 мыңнан астам

Жаңа орын ашылды - 223 мың  / соңғы 3 жыл /

Мектепке дейінгі ұйым - 12 мыңнан астам

Қабылданған бала - 1 миллионнан астам